Күрес

Олимпиада жүлдегері атанған қазақстандық балуан мансабын аяқтады

Нурислам Санаев спорттық мансабын аяқтады

Еркін күрес шебері Нурислам Санаев спорттық мансабын аяқтағанын жариялады, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Қазақстандық спортшының айтуынша, бұл шешімге келу оңай болмаған.

33 жастағы Нурислам Санаев 2021 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарында 57 кг салмақ дәрежесінде қола медаль иегері атанған. Сонымен қатар, ол 2018 және 2019 жылдардағы әлем чемпионаттарының күміс жүлдегері, 2017 жылы Азия чемпионатының қола жүлдегері және 2018 жылы Азия чемпионы болған.