Бокс

Федерация президенті бапкер Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетті (фото)

Федерация басшысы Мырзағали Айтжановқа шапан жапты

Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жиын барысында Мырзағали Айтжановтың иығына шапан жабылып, бағалы сыйлықтар табысталды. 

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін 2023 жылдың қаңтарында алған Мырзағали Айтжанов Париж Олимпиадасынан соң қызметінен босатылды. Оның орнына Қайрат Сәтжанов бас бапкер болып тағайындалды.