Жаңалықтар

Қазақстандық велошабандоз әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Данияр Шаяхметов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық велоспортшы Данияр Шаяхметов тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде күміс медаль еншіледі, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Велошабандоз кейрин бағдарламасында бәсекеге түсті. Ол жеңімпаз атанған спортшыдан  +0.026 секундқа ғана қалып қойды. 

Айта кетейік, тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Қытайда өтіп жатыр.