Үлкен теннис

Ел тарихында бірінші рет: қазақстандық теннисші «US Open» турнирінде топ жарып шықты

Тимофей Скатов турнирдің негізгі құрамына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов АҚШ-та өтіп жатқан «US Open» турнирінің негізгі құрамына жолдама алды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Турнирдің іріктеу кезеңінде Скатов британдық  Билли Харриспен кездесті. Кездесу 2 сағат 14 минутқа жалғасып, 4:6; 6:0;6:3; есеб4мен аяқталды. 

Нәтижесінде, Тимофей Скатов мұндай жетістікке жеткен алғашқы қазақстандық теннисші ретінде танылды.