Үлкен теннис

Әлемнің үшінші ракеткасын жылатып кеткен қазақстандық теннисші кім?

Александр Бублик таң қаларлық ойын көрсетті

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында "Ultimate Tennis Showdown" турнирі өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші Александр Бублик өзінің қарсыласын таң қаларлық есеппен жеңіп кетті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Бублик теннис кортында әлемнің экс үшінші ракеткасы Стефанос Циципаспен кездесті. Есеп қазақстандық теннисшінің пайдасына 3:2 (20:12, 11:17, 18:17, 10:21, 5:3) болып аяқталды. 

Енді, Александр жартылай финалда  Алекс де Минауэрмен бақ сынасады.