Жәнібек Әлімханұлы: «Маған 4 титул керек»
Боксшы алдағы уақыттағы жоспары туралы мәлімдеме жасады
WBO, IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кубалық Эрисланди Лара мен доминикандық Карлос Адамсқа қарсы жекпе-жек өткізгісі келмейді. Оның орнына боксшы чемпионмен жұдырықтасып, бірден төрт атақты еншілегісі келеді, деп Dopmedia.kz тілшісі боксшының Х (бұрынғы Twitter) желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Осыған дейін егер 13 шілдеде Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичті жеңсе, Top Rank промоутері оны Карлос Адамеспен кездестіретіні туралы ақпарат тараған. Бірақ та отандасымыздың жоспары басқаша бағытта өрбіді.
13 шілдеден 14 шілдеге қараған түні Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жұдырықтасады.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта кубалық Эрисланди Лара (30-3-3, 18 КО) WBA чемпионы, ал доминикандық боксшы Карлос Адамес (24-1, 18 КО) WBC чемпионы.