Футбол

Алматыда төрешіні соққыға жықты: ҚФФ мәлімдеме жасады

ҚФФ бұл жағдай бойынша ресми мәлімдеме жасады

Биылғы жылдың 17 тамызында Алматы облыстық футбол қауымдастығы ұйымдастырған әуесқой клубтар арасындағы матчтың соңында үлкен жанжал орын алды. «Пионер» мен «Эрик-Сон» футбол клубтары арасында өткен кездесуде екінші таймның соңында «Пионер» командасының ойыншысы Әлібек Кабулов ойын ережелерін бұзып, тиісінше төреші тарапынан айып добы белгіленді, деп Dopmedia.kz тілшісі ҚФФ-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Төрешінің шешімімен келіспеген «Пионер» ойыншысы Әлихан Тілеков оға қоқан лоқы көрсетеді. Осының нәтижесінде ол қызыл қағаз алды. Қызыл қағаз алған ойыншы Әлихан Тілеков төрешіге қоқан-лоқы көрсетуге әрекет етіп, алайда ойынның ресми тұлғасы трибуна жаққа қарай қашып құтылады және ойынның аяқталғаны жөнінде ысқырық шалады.

Матч аяқталғаннан кейін төреші трибунаға көтерілген кезде, «Пионер» клубының ойыншылары №23 Тілеуберді Тәліп, №21 Тілеков Әлихан және команда демеушісі Абдиев Айдос оған шабуыл жасайды. Куәгерлердің және төрешінің айтуы бойынша жедел-жәрдем келгенше «Пионер» ФК ойыншылары мен басқа да тұлғалардың тарапынан тағы да төрешіге қысым көрсетіле бастады. Әрі қарай төреші ауруханаға келген полиция қызметкеріне өзінің құлап қалғанын айтып, ешкімге айып тақпайтыны туралы видеоүндеу жасауға мәжбүр болады.

Қазақстан футбол федерациясы ел спортының беделіне нұқсан келтіретін мұндай әрекеттерге түбегейлі қарсы. елімізде қабылданған бұқаралы спортты дамыту бағдарламасына сызат түсіретін мәлімдейді. Біз төреші мен оның отбасына қолдау көрсетеміз. ҚР Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігін осы жағдайды ерекше бақылауға алуға және жауапты тұлғаларды анықтап, оларды жауапқа тартуға шақырамыз. Мұндай заңға сәйкес емес әрекеттер ешқашан елеусіз қалмауы тиіс.

Қазақстан футбол федерациясы барша қазақстандықтарды мұндай әрекетке жол бермеуге шақырады. Спорт –  жәй ғана ойын емес, біздің мәдениетіміз бен абыройымыздың көрсеткіші. Біз спорт ареналарында тәртіпке бағынып, мұндай агрессияға бірге қарсы тұруымыз қажет. Әрбір ойыншы, әрбір төреші және әрбір жанкүйер спорттық іс-шарада өзін қауіпсіз сезінуі тиіс.