«Елім-ай» клубының легионеры ұлттық құрамаға шақырту алды
Эдарлин Рейес Уренья Ұлттар лигасында ойнауы мүмкін
Семейлік «Елім-ай» футбол клубының ойыншысы Эдарлин Рейес Уренья Доминика Республикасының ұлттық құрамасында өнер көрсетуге шақырту алды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Рейес Ұлттар лигасының 7-ші қыркүйекте Бермуд аралдарына қарсы және 10-ші қыркүйекте Доминика құрамасына қарсы ойнауы мүмкін.
Айта кетейік, 26-жасар спортшы семейлік клуб сапына биылғы жаздан бастап қосылды.