Үлкен теннис

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте топ жарды

Анна Данилина әлемнің үздік теннисшілер тізіміндегі позициясы өзгерді

Қазақстандық теннисші Анна Данилина WTA рейтингісінде 235 орынға жоғары көтерілді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Данилинаның жекелей сындағы позициясы 723-ші орында. Ал жұптық сында 49-шы орыннан 48-ші орынға көтерілді. 

Анна Данилина – «Үлкен дулыға» турнирінің жұптық сын бойынша жеңімпазы, WTA турнирлерінің жеңімпазы және жұптық сында өнер көрсететін Қазақстанның бірінші ракеткасы.