Жаңалықтар

Олимпиадада жеңіліп, Әлем чемпионатында жеңіске жетті: Қазақстандық ескек есуші елге қола сыйлады

Мария Бровкова жүлдегерлер қатарынан көрінді

Париж-2024 Олимпиадасына қатысып, ескек есуден жүлдесіз оралған спортшы Мариа Бровкова Самарқандта өтіп жатқан Әлем чемпионатында қола медаль иегері атанды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

19-жасар Мария жарыс жолында украиналық және чилилік спортшыдан кейін мәреге үшінші болып жетті. 

Қазақстандық спортшы 500 метрге дейін каноэ есуден жарысқан болатын.