Жаңалықтар

"Ордабасы" мен "Ақтөбе" жанкүйерлері арасында төбелес орын алды (видео)

Қос команданың жанкүйерлеру шу шығарды

Футболдан Қазақстан премьер лигасы аясында «Ордабасы» – «Ақтөбе» матчы қарсаңында қос команданың жанкүйерлері арасында жаппай төбелес орын алды, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Match KZ Telegram арнасында жарияланған видеода қос команданың жанкүйерлері арасында жанжал туып, арты төбелеске ұласқанын көруге болады.

Ал матчтың өзінде командалар тең ойнады – 1:1. Ойынның 14-минутында «Ақтөбенің» ойыншысы Хосе Севальос есеп ашты. Алайда үзілістен кейін алаң иелері есепті теңестірді: 72-минутта Шахбоз Умаров гол соқты.

Осы матчтан кейін «Ақтөбе» 17 ойыннан кейін 31 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орынға жайғасты. «Ордабасы» 15 матч өткізіп, 30 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.