Ерлер

Қазақстандық шабуылшы шетелдік клубта гол соқты

Оралхан Өміртаев Беларусь чемпионатында гол соқты

Қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаев Беларусь чемпионатында «БАТЭ» командасының құрамында гол соғып, көзге түсті, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Оралхан Өміртаевтың бұл голы «БАТЭ» командасының «Торпедо БелАЗ» клубына қарсы матчта ұпай еншілеуге жеткіліксіз болды. Матч 2:1 есебімен «Торпедо БелАЗ» клубының еншісіне шешілді.

Оралхан Өміртаев ойынның 67-минутында алаңға шықты. Ол 82-минутта гол соққан болатын.

Айта кетейік, Оралхан Өміртаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының Норвегия және Словенияға қарсы өтетін матчтарға арналған кеңейтілген тізіміне енді.