Олимпиадаға жалғыз барып, топ жарған қырғыз боксшысы үйленді (фото) instagram/munar.1. Суретте: Мұнарбек Сейітбекұлы мен жұбайы

Мұнарбек Сейітбекұлы шаңырақ құрды

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған қырғызстандық боксшы Мұнарбек Сейітбекұлы шаңырақ құрды, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Бұл қуанышты жаңалықты ол Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

"Бүгін, 24 тамыз мен үішн бір Құдайдың бұйырған жақсы күндерінің бірі. Отбасылы болып, жұбайыммен бірге екі дүниеде де бақытқа жету жолын бастадым", – деп жазды Мұнарбек Сейітбекұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Мұнарбек Сейіктбекұлы тойдың қарапайым түрде өткенін, ол ысырапшылдыққа жол беруге болмайды деген пікірді ұстанатынын жеткізді. 

 

    Көп оқылды: