Күрес

Ғұсман Қырғызбаев келесі Олимпиадаға қатыса ма?

Ғұсман Қырғызбаев келесі Олимпиадаға қатысу туралы пікір білдірді

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға қатысуды жоспарлап отырғанын жеткізді, деп Dopmedia.kz хабарлайды. 

Айта кетейік, дзюдодан 66 кг дейін салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанған болатын.