Футбол

Командаласының жағын сындырып, футболдан 5 жылға шеттетілді

Қырғыстандық ойыншы футболдан 5 жылға шеттетілді

Футболдан Қырғызстан құрамасы мен "Мурас Юнайтед" клубының ойыншысы Мирбек Ахматалиев командаласы Евгений Терзимен төбелескені үшін футболдан 5 жылға шеттетілді, деп Dopmedia.kz тілшісі Sport Akipress басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мурас Юнайтед" футбол клубының жаттығуы барысында Мирбек Ахматалиев пен украиналық әріптесі Евгений Терзи арасында жанжал орын алып, соңы төбелеске ұласқан. Төбелестің салдарынан украиналық футболшы Евгений Терзидің жақ сүйегі сынған.

Қырғызстан футбол федерациясының ресми мәлімдемесінде жанжалды Мирбек Ахматалиев өршіткені анықталғаннан кейін, клуб онымен келісімшартты бұзу жөнінде шешім қабылдағаны айтылған.

Қырғызстан футбол федерациясының мәжілісінде Мирбек Ахматалиевті футболдан 5 жылға шеттету туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, "Мурас Юнайтед" клубы оқиғаға байланысты бүкіл бапкерлік құрам мен спорт директорын қызметінен босатты.