Жеті дүркін әлем чемпионы Зарина Примакқа әкімді сыйлық жасады
Пара армрестлингтен Молдовада өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Зарина Примак жетінші мәрте топ жарды, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Абай облысы Жарма ауданы әкімінің орынбасары Райым Жолдасбекұлы мен Шар қаласының «Жастар ресурстық орталығының» директоры Рауан Кәкімжанұлы Зарина Примакты құттықтап, оған алғыс хат пен бокалдар жиынтығын табыс етті. Бұл жағдай әлеуметтік желілерде үлкен талқыға түсіп, әкімдігі сыйлығына қатысты сындар жазылды.
«Адамша сыйлық бере алмай ма?»; «Ұят, әлем чемпионына бокал сыйлау масқара»; «Жарайды, сыйлықты дұрысырақ ұйымдастыруға болар еді»; «Әкімдік ұятқа қалды, жақсырақ сыйлық ойлап табуға болатын еді»; «Ұят, жаңа үй бергендерің артық болар еді».
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)