Әлем чемпионына бокал сыйлаған әкім сынға қалды
Жеті дүркін әлем чемпионы Зарина Примакқа әкімді сыйлық жасады
Пара армрестлингтен Молдовада өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Зарина Примак жетінші мәрте топ жарды, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Абай облысы Жарма ауданы әкімінің орынбасары Райым Жолдасбекұлы мен Шар қаласының «Жастар ресурстық орталығының» директоры Рауан Кәкімжанұлы Зарина Примакты құттықтап, оған алғыс хат пен бокалдар жиынтығын табыс етті. Бұл жағдай әлеуметтік желілерде үлкен талқыға түсіп, әкімдігі сыйлығына қатысты сындар жазылды.