Футбол

Түркиядан сәлем! Ерлі-зайыптылар Қазақстанға көлікпен келе жатыр

Екі жасар ұлдары да бар

V Дүниежүзілік көшпенділер ойынын тамашалау үшін түркиялық ерлі-зайыптылар Түркиядан Қазақстанға екі жасар ұлдарымен жолға шықты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Anadolu Agency дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Идил Дуран мен Бурак Дуран Ыстанбұлдағы жұмыс-шаруасын тастап, екі жасар балаларымен 1982 жылғы трейлер-автобусқа отырып кезекті саяхатына аттанды. 

Саяхатты ел астанасы Анкарадан бастаған отбасы Астанаға 5 400 шақырым жолды жүріп өтпек.