Спорт шығыны екі есе өскен, бірақ нәтиже жоқ – Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы спорт саласына бөлінетін қаражат туралы айтты
Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы бес жылда жоғары жетістіктер спортына шығын екі есе өскен, бірақ соған лайық нәтиже жоқ, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Президент бүгінде әр өңір қандай спортты қолдайтыны туралы шешімді өз бетінше қабылдайтынын сынға алды. Үкіметке жағдайды бақылауға алып, спортқа қатысты мекемелердің барлық деңгейіндегі басқару вертикалін қалпына келтіру жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар еліміздің спорт қауымдастығы мен шетелдерде Ұлттық олимпиада комитетінің беделін көтеру туралы міндет жүктеді.
Мемлекет басшысы ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше мән беріліп жатқанына назар аударып, елімізде өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының мән-маңызына тоқталды.