Жаңалықтар

Көшпенділер ойындары: Мерейтойлық пошта маркасы ресми таныстырылды

Мөрлеу рəсімі ұйымдастырылды

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында «Қазақстанның мəдениеті мен спорты» аясында мерейтойлық пошта маркасын арнайы мөрлеу рəсімі өтті,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.

Рəсім барысында ДКО дирекциясының басшысы Наиль Нұров бүгінгі іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, оның мəдени мəніне ерекше тоқталды.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған мерейтойлық пошта маркасы бірегей филателиялық өнер туындысы болып табылады. Марканың авторы – Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясының маркетинг бөлімінің басшысы Серік Буксиков. Маркада ежелгі дəстүрдің сақтаушысы «Бүркітші» бейнеленген. Ол табандылық пен өзіне деген адалдықты бейнелейді. Марканың орталық элементі – көшпенділер философиясында жүзеге асырылған өмірдің айналымы мен уақыт пен кеңістіктің бірлігін бейнелейтін гофрленген шеңбер.

Марка тиражы 5000 дана, номиналды құны – 500 теңге. Ультракүлгін бояумен жəне алтын фольгамен бедерлеу арқылы қорғаныс элементтерін қолдана отырып жасалған марка кез келген коллекцияның ажырамас бөлігіне жəне көшпенді халықтардың мəдени мұрасына деген құрметтің символына айналады.

Айта кетейік,  5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Əлемдік додаға 89 елден 2800-ге жуық қатысушы келеді деп күтілуде. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спорттың 21 түрі бойынша 97 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.