Хоккей

Қазақ ойыншысын шетелде қысық көз деп келемеждеді (фото)

Шотландияда қазақ ойыншысын келемеждеді

Шотландиялық «Данди Старз» клубының жанкүйері «Файф Флайерз» командасында ойнайтын қазақстандық хоккейші Мәди Диханбекті матч кезінде кеоемеждегені үшін жауапқа тартылды, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Оқиға Шотландия лигасының жаңа маусымындағы алғашқы матчында орын алды, онда «Файф Флайерз» және «Данди Старз» командалары өзара кездесті.

Әлеуметтік желілерде тараған суреттердің арқасында жанкүйердің бет-бейнесі, ол туралы ақпараттар анықталды. Нәтижесінде, «Данди Старз» клубы бұзақыны хоккей матчтарын көруден шеттету туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, Мәди Диханбек осы жазда «Файф Флайерз» командасына ауысқан болатын. Шотландиялық клубта тағы да үш қазақстандық ойыншы – Максим Мусоров, Артур Гатиятов және Николай Шульга өнер көрсетеді.