Англияда ойнаған футболшы қазақстандық клубқа бапкер болды
Ол Англия жұлдыздарына қарсы ойнаған
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасында доп тепкен Сабырхан Ибраев енді жаттықтырушы ретінде өз жолын жалғастырады. Meta-ratings.kz мәліметінше, ол жақында Алматы қаласының KazAST клубының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Қазіргі таңда клуб Қазақстан чемпионатының Екінші лигасының «Оңтүстік-Батыс» конференциясында өнер көрсетеді. KazAST клубы 18 турдан кейін 17 ұпай еншілеп, турнирлік кестеде соңғы орынға жайғасқан.
Сабырхан Ибраев футбол мансабында Қазақстанның бірнеше атақты клубтарында ойнаған. Ол «Ертіс», «Тобыл», «Қайрат», «Қайсар» және «Жетісу» командаларының сапында доп тепкен. 2020 жылы «Мақтаарал» клубының құрамында кәсіби футбол мансабын аяқтаған.
Сабырхан Ибраев 2008-2009 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылып, 5 кездесу өткізген. Сол ойындардың ішінде ол әйгілі «Уэмбли» стадионында Англия құрамасына қарсы ойнаған еді.