Футбол

Қазақстаннан озған Грузия қақпашысы «Ливерпуль» клубына ауысты

Георгий Мамардашвили «Ливерпуль» клубына ауысты

«Ливерпуль» клубы өзінің ресми сайтында грузиялық қақпашысы Георгий Мамардашвилимен келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Георгий Мамардашвилидің «Ливерпуль» сапына толыққанды қосылуы 2025/2026 маусымында жүзеге аспақ, ал бұл маусымда ол «Валенсия» құрамында жалға алу негізінде ойнауды жалғастырады.

Футбол трансферлері жөніндегі белгілі инсайдер Фабрицио Романоның мәліметіне сәйкес, «Ливерпуль» Мамардашвили үшін 30 миллион еуро және қосымша 5 миллион еуро бонус төлеуге келіскен.

Айта кетейік, биылғы Ұлттар лигасы маусымының жартылай финалында Қазақстан құрамасы Грекияға қарсы ойын өткізіп, жеңіліс тапқан болатын. Ал екінші жартылай финалда Грузия Люксембургі жеңіп, кейін финалда Қазақстанды қапыда қалдырған Грекиядан басым түсіп, өз тарихында тұңғыш рет Еуропа чемпионатына жолдама алған болатын.