Ерлер

Еуро-2024 додасының ең жылдам ойыншысы анықталды

УЕФА Еуропа біріншілігіндегі ең жылдам ойыншылар тізімін жариялады

УЕФА Еуропа чемпионатының ширек финалдық ойындарынан кейін ең жылдам футболшылар рейтингін жариялады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі УЕФА-ның Еуро-2024 турниріне арналған Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Франция құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Килиан Мбаппе ең жоғары жылдамдықты көрсетті (36,5 км/сағ).

Екінші орынға Испания құрамасының шабуылшысы Ферран Торрес (36 км/сағ) тұрақтаса, ал үздік үштікке Словения құрамасының шабуылшысы Беньямин Шешко (35,9 км/сағ) енді.

Айта кетейік, Испания мен Франция құрамалары арасындағы матч 9 шілдеде сағат 23:50-де басталады. Англия мен Нидерланд құрамалары арасындағы ойын 10 шілдеде сағат 23:50-де өтеді. Ал ақтық сын 14 шілдеде Берлин қаласында болады.