Жаңалықтар

Чемпион өзі туралы фильм түсіре ме?

Елдос Сметов туралы фильм түсірілетіні туралы ақпарат тарады

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов туралы фильм түсірілуі мүмкін. Бұл туралы дзюдошы «Қазақстан» ұлттық арнасына берген сұқбатында айтты, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Бұл фильм жастарды салауатты өмір салтына, спортқа бауитыны анық. Бала Елдостың Олимпиада чемпионы болу туралы арманынан бастап, әлемдік додада көк туды желбіреткенге дейінгі жолы, күнделіктті өмірі мен жаттығуы толық көрсетіледі. Фильмнің негізгі түсірілімі қашан басталатыны белгісіз.

Сондай-ақ Елдос Сметов өз сұқбатында келесі Олимпиадаға қатысатынын айтты.