Жаңалықтар

«Мыңқ-мыңқ етіп, ештеңе айта алмайды»: журналист спорт басшыларын сынады

Журналист сапалы спорт резерві жоқ екеніне наразы

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов Facebook желісіндегі ресми парақшасында Париж Олимпиадасына қатысты мәселелерді ортаға салып, сапалы спорт резерві жоқ екеніне қынжылды, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Аслан Қаженов еліміздегі спорт түрлеріне байланысты сапалы спортшыларды таппайтынымызды айтты.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта еліміздегі бірқатар аймақтарда спорт мектептері мен интернаттарының аз екенін атап өтті.