Жастар

Испанияда ойнап жүрген футболшы ұлттық құрамаға шақыртылды

Қазақстан ұлттық құрамасы ойыншылар тізімін жариялады

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Константин Горовенко Еуро-2025 іріктеу турнирінде Мальта және Бельгия құрамаларымен өтетін ойындарға шақырылған ойыншлыардың тізімін жариялады, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Қыркүйекте жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде екі ойын өткізеді. Еске сала кетейік, Қазақстан U-21 құрамасы «В» тобында Испания, Бельгия, Шотландия, Мажарстан және Мальта құрамаларымен бір топқа түсті.

Команданың оқу-жаттығу жиыны 1 қыркүйекте Алматыда басталады. Тізімге 24 футболшы енді.

Қақпашылар: Санжар Ерниязов («Жетісу»), Мирас Рихард («Екібастұз»), Дулат Талыспаев («Кеге», Дания);

Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Александр Широбоков («Славия-Мозырь», Беларусь), Сұлтан Аскаров, Дамир Қасабулат, Лев Кургин (бәрі – «Қайрат»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік»), Мейрамбек Қалмырза («Жетісу»), Роман Божко («Тобыл»), Микаель Аскаров («Сморгонь», Беларусь);

Жартылай қорғаушылар: Ринат Серікқұл («Жетісай»), Ерсұлтан Қалдыбеков («Атырау»), Ален Айманов («Каспий»), Олжас Байбек («Қайрат Жастар»), Абылайхан Назымханов («Шахтер»);

Шабуылшылар: Айбар Абдулла («Шахтер»), Иван Свиридов («Елімай»), Ғалымжан Кенжебек («Акритас», Кипр), Бейбіт Ғалым («Тобыл»), Ян Труфанов («Жеңіс»), Данил Анкудинов («Менсахеро», Испания), Артем Литош («Түркістан»);

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының матчтар күнтізбесі: 

5 қыркүйек:

Қазақстан U-21 – Мальта U-21

Тимур Сегізбаев атындағы стадион, Алматы

10 қыркүйек:

Қазақстан U-21 – Бельгия U-21

Орталық стадион, Алматы