Қазақтар UFC президентіне шабуыл жасады
UFC президентіне қазақтар талап қойды
Қазақстандық жанкүйерлер UFC промоушенінің президенті Дана Уайттың әлеуметтік желідегі жазбаларына жаппай пікір қалдырып, өз талаптарын жеткізді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Отандық жанкүйерлер жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мухаммад пен қазақстандық Шавкат Рахмонов арасында титулдық жекпе-жек ұйымдастыруды сұрауда.
Естеріңізге сала кетейік, Белал Мухаммад 27 шілдеде британдық Леон Эдвардсты жеңіп, жартылай орта салмақта UFC чемпионы атанды. Ал Шавкат Рахмонов бұл титулға негізгі үміткер ретінде саналады. Ол соңғы рет октагонға өткен жылдың желтоқсан айында шығып, екінші раундта америкалық Стивен Томпсонды жеңген болатын.