Самородовтың агенті: «Келіссөздер жүріп жатыр»
Футболшы жақын арада шетелдік клубқа ауысуы мүмкін
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Ақтөбе» футбол клубының ойыншысы Максим Самородовтың агенті Дмитрий Кигинько горзныйлық «Ахматтың» қазақстандық вингерге деген қызығушылығы туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл туралы Dopmedia.kz Sport24 порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін журналист Иван Карпов Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев баптайтын грозныйлық клуб 22 жастағы вингерге қызығушылық танытып жатқаны жөнінде айтқан болатын.
Айта кетейік, 22 жастағы шабуылшы Максим Самородов – Ақтөбе футболының тәрбиеленушісі. Футболшының "Ақтөбемен" келісімшарты осы жылдың 31 желтоқсанда аяқталады. Осы маусымда ол барлық турнирлерде ақтөбелік клуб сапында 17 матч өткізіп, 8 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.