Ерлер

«Ордабасы» Чемпиондар лигасындағы қарсыласынан екі есе қымбат

Шымкенттік клубтың футболшыларының трансферлік құны басым

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы Чемпиондар лигасының 2024/25 жылғы маусымындағы іріктеу кезеңінде молдовалық «Петрокуб» клубымен кездеседі. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Transfermarkt порталы «Петрокубты» 6,08 миллион еуроға бағалайды, ал «Ордабасы» одан екі есе қымбат 11,05 миллион еуро.

«Петрокуб» клубының ең қымбат ойыншысы – шабуылшы Владимир Амброс (550 мың еуро), ол өз командасының капитаны. Одан кейінгі тізімде шабуылдаушы жартылай қорғаушылар Михай Лупан (500 мың еуро) мен Дэвид Абагнаны (400 мың еуро) айтуымызға болады.

Ал «Ордабасы» құрамындағы ойыншылардың трансферлік құны молдовалық клубтың футболшыларына қарағанда қымбатырақ. Мысалы, команда капитаны Асхат Тағыберген 800 мың еуроға бағаланса, Ловро Цвек (800 мың еуро) пен Артем Бесединнің (800 мың еуро) трансферлік құны осы деңгейден көрінеді.

 

Естеріңізге сала кетейік, «Петрокуб» Чемпиондар лигасының 2024/25 жылғы маусымының бірінші іріктеу кезеңінде шымкенттік «Ордабасы» командасымен кездеседі. Бірінші ойын 10 шілдеде Шымкентте өтеді, ал екінші ойын 17 шілдеде Молдовада болады.