Жаңалықтар

Нышан Өмірәлі ширек финалда АҚШ спортшысына есе жіберді

Енді ол жұбаныш белдесуінде күш сынасады

Паралимпиада ойындарының ширек финалында пара таеквондодан К44 +80 кг санатында Нышан Өмірәлі АҚШ спортшысы Эван Медельмен жекпе-жек өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Тартысты кездесуде Нышан 13:3 есебімен жеңілді.

Нышанның келесі жекпе-жегі Астана уақыты бойынша сағат 20:53-те өтеді. Еліміздің спортшысы қола медальға таласу мүмкіндігі үшін жұбаныш кезеңінде бақ сынайды.