Жаңалықтар

Қуан, қазақ! Еркін Ғаббасов ел қоржынына алғашқы күмісті сыйлады

Ол нысана көздеуден жеңіске жетті

Еркін Ғаббасов – паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Финалда R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен Еркін Ғаббасов 247.7 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алды.

Алтын медальды 249.4 ұпай жинаған Корея спортшысы Парк Дж, ал қола медаль 226 ұпай жинаған Дания елінің спортшысы еншіледі.