Жаңалықтар

Нұрлан Домбаев қоладан қол үзді

Ол оңтүстік кореялық спортшыға есе жіберді

80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, К44 класында күрескен Нұрлан Домбаев Паралимпиада ойындарында қола медаль үшін жекпе-жекте оңтүстік кореялық спортшы Джу Джонхунға (Joo Jeonghun) 1:7 есебімен жеңіліп, жарыс жолын аяқтады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Бұған дейін ширек финалда Нұрлан ирандық спортшы Алиреза Бахтқа 2:3 есебімен есе жіберіп, жұбаныш жекпе-жегінде Коста-Рика өкілі Молина Андресті 18:5 есебімен жеңген болатын.

Париж Паралимпиадасы  9-шы қыркүйекке дейін жалғасады. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында бір күміс медаль бар, оны Еркін Ғаббасов 10 м винтовкамен пара нысана көздеуден жеңіп алды.