Жаңалықтар

Зульфия Габидуллина 150 метрге кешенді жүзуде финалға іліге алмады

Медальға таласқа бірінші болып келген 8 спортшы іріктеледі

Қазақстандық спортшы Зульфия Габидуллина 150 метрге кешенді жүзуде мәре сызығын 10-шы болып жүзіп өтіп, финалға өте алмады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Медальға таласқа бірінші болып келген 8 спортшы іріктеледі.

Айта кетсек, Париж ойындары Зульфия Габидуллинаның төртінші Паралимпиадасы. 2016 жылы  Риода Зульфия Паралимпиада ойындарында Қазақстанның алғашқы алтынын жеңіп алған.

Зульфия үшін келесі жарыс 4 қыркүйекте (50 м брасс) өтеді.