Қазақстандық дзюдошылар Азия кубогында алтыннан алқа тақты olympic.kz

Өзбекстан дзюдошылары жалпы есепте көш бастады

Алматы қаласында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан Азия біріншілігі ұйымдастырылды. Бұл турнирде қазақстандық жас дзюдошылар 6 алтынға қол жеткізді, деп Dopmedia.kz тілшісі Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Азия кубогында тоғыз команданың спортшылар бақ сынасты. Жалпы есебі 355 спортшы Алматыда Азияның мықты дзюдошыларын анықтады.

Қазақстан құрамасы бұл біріншілікте 6 алтын, 7 күміс және 14 қола медальды қанжығасына байлап, жалпы есепте екінші орынға табан тіреді.  

Бірінші орын Өзбекстан құрамасының еншісінде. Олар 6 алтын, 7 күміс және 16 қолаға қол жеткізді. 

Үздік үштікті Моңғолия түйіндеді.