Ерлер

Зайнутдинов «Бешикташқа» керек болмағаны ма?

Соңғы уақыттары ойыннан тыс қалып жүр

Түркия Суперлигасының төртінші туры аясында өткен матчта «Бешикташ» клубы «Сивасспорды» 2:0 есебімен жеңіп, маңызды үш ұпайға ие болды, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Бұл жеңістің арқасында «Бешікташ» тоғыз ұпай жинап, Түркия чемпионатының турнирлік кестесінде үшінші орынға көтерілді. 

Айта кетйік, Стамбұлдық клубтың сапында ойнайтын футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов матчқа қатысуға дайындық тізіміне енгізілгенімен, ойын алаңына шыққан жоқ. Бақтиер Зайнутдинов биылғы маусымда өз клубы сапында бірде-бір ойынға шықпады.