Футбол

«Реалдың» абыройын асқақтатқан Мбаппе: Ла Лигада не хабар?

Корольдік клуб ойыншылары «Бетис» командасын ойсырата жеңді

«Сантьяго Бернабеу» стадионында Ла Лига ойындарының аясында «Реал Мадрид» және «Бетис» футбол клубтары бақ сынасты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Есеп француз шабуылшысы Киллиан Мбаппенің ықпалымен 2:0 болып аяқталды. Мбаппе жасыл алаңда дубль орнатып, командасының абыройын асқақтатты.

Нәтижесінде, корольдік клуб 8 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орынға жайғасты.