Үлкен теннис

Олимпиадаға қатыспаған теннисшіміз АҚШ-та қылық көрсетті (видео)

Өз әрекетімен көпшіліктің шамына тиді

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева АҚШ-та өтіп жатқан US Open 2024 турнирінде бол-герлға құрметсіздік көрсетіп, спорт мамандары мен жанкүйерлерінің шамына тиді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

АҚШ-та өтіп жатқан турнирдің үшінші кезеңінде италиялық Жасмин Паолиниге қарсы өткізген кездесуінде Юлия Путинцева бол-герлдің берген доптарын бірнеше мәрте қабыл алмай, менсінбегендей кейіп танытты. Өз кезегінде қазақстандық теннисшінің бұл әрекетіне қатысты спорт мамандары мен жанүйерлері пікір білдіріп, спортшының бұл әрекететін «жеккөрінішті» ретінде сипаттады.

Кейіннен қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазба жариялап, бұл әрекеті үшін кешірім сұрады.

Айта кетейік, бұл кездесуде Юлия Путинцева 3:6, 4:6 есебімен Жасмин Паолиниден жеңіліп, турнирдегі жолын аяқтады.