Волейбол

Волейболшыларымыз жартылай финалға бір қадам қалғанда сүрінді

Олар мысырлықтарға жол беріп қойды

Отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан құрамасы Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында Мысыр командасына қарсы матч өткізді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Бірінші партияда Мысыр өкілдері 25:21 есебімен жеңіске жетті. Екінші партияда да мысырлықтардың басымдығы байқалды – 25:23. Үшінші кезеңде Қазақстан құрамасы есеп айырмасын қысқарта алды – 25:16. Бірақ соңғы партияда Египет 25:18 есебімен басым түсіп, жалпы есепте 3:1 жеңіске жетті.

Айта кетейік, турнир барысында Қазақстанның волейболшылары бірінші матчта Франция құрамасын 3:0 (25:7, 25:20, 25:7) жеңді, ал кейіннен Босния және Герцеговина командасына 2:3 (24:26, 13:25, 25:14, 25:21, 8:15) есебімен жеңілді.