Футбол

"Өңшең қымбат көліктер": қазақ футболшылары қандай көлікті тізгіндеген?

Олардың бағалары да ерекше

Әлемде футболшылар мен олардың көліктері әрдайым қызықты тақырыптардың бірі болып келгені белгілі. Дегенмен Қазақстанда бұл мәселеге аса көп назар аударылмаған, енді бұл жағдай өзгере бастады, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

YouTube желісіндегі "Соққер" арнасында отандық танымал футболшылардың қандай көліктерді тізгіндейтіні туралы видео жарияланды.

Видеоға сәйкес, Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Астана қаласында BMW X6 (шамамен 50 миллион теңге) автокөлігімен жүрсе, Шымкентте оны Toyota Camry 75 (17 миллион теңге) көлігімен көрген. Сонымен қатар, Тағыбергеннің гаражында Li 9 (35 миллион теңге) атты кең көлемді кроссовері бар.

Қорғаушылар Сергей Малый мен Темірлан Ерланов BMW X7 (80 миллион теңге) автокөліктеріне ие болса, Абзал Бейсебеков Lexus 570 (68 миллион теңге) көлігін тізгіндеген.

Ал жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан Toyota Highlander (38 миллион теңге) көлігімен жүрсе, ең қарапайым нұсқа ретінде Багдат Қайыров Toyota Camry 55 (11 миллион теңге) автокөлігін пайдаланады.

Бұдан бөлек, видео материалда бұрынғы бас бапкер Магомед Адиевтің, футболшылар Александр Марочкин, Игорь Шацкий және қазақстандық комментаторлардың көліктері туралы да мәліметтер берілген.