Боксшымыз қарсыласының жағын сындырып жіберген
Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас өзінің 11-жеңісіне қол жеткізіп, тағы да жоғары деңгейде өнер көрсетті, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Кезекті рейтингілік жекпе-жек Қытайда өтті, онда Ангелинаға қарсы тайландтық боксшы Пимчанок Тепджанду шықты. Пимчанок әлсіз қарсылас емес, оның есебінде 9 жеңіс, соның ішінде 6 кездесуін нокаутпен аяқтаған болатын. Ангелина бұл жекпе-жекке дейін кәсіби рингте 10 жеңіске жеткен болатын.
Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған еді. Алайда, Ангелина алғашқы секундтардан бастап шабуылға көшіп, қарсыласын нокдаунға жіберді. Екінші раундта оның шабуылы үдей түсті, нәтижесінде үзіліс кезінде жекпе-жек тоқтатылды. Тайлық боксшының жақ сүйегі сынып, жекпе-жекті жалғастыруға мүмкіндігі болмады.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?