Жаңалықтар

Норасы жоқ, легионері жоқ Әзірбайжан Паралимпиаданы жарды

Ол Паралимпиадада ерекше рекорд орнатты

Әзербайжандық параатлет Ламия Велиева Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында әлемдік рекорд орнатып, өзінің екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Report агенттігінің хабарлауынша, Велиева T13 санатында 100 метрге жүгіруде қарсыластарынан озып, үздік нәтиже көрсетті. Ол мәреге 11,76 секундта жетіп, бұған дейін Рио-2016 ойындарында украиналық Лейла Аджаметова орнатқан 11,79 секундтық рекордты жаңартты.

Бұл Ламияның Паралимпиададағы екінші алтыны. Алғашқы алтынды ол Токио-2020 ойындарында 400 метрге жүгіруде жеңіп алған болатын.

Осы уақытқа дейін Әзербайжан құрамасының мүшелері Париждегі Жазғы Паралимпиада ойындарында 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.