Ерлер

ҚФФ президенті ұлттық құрама ойыншыларымен кездесті

Әділет Барменқұлов футболшыларға сәттілік тіледі

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Норвегия мен Словенияға қарсы матчтары қарсаңында Қазақстан құрамасының ойыншылары мен бапкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Dopmedia.kz

Бұл жиында ҚФФ президенті футболшылармен, құраманың бас бапкері Станислав Черчесовпен, жаттықтырушылар құрамымен кездесті.

Федерация басшысы футболшылардың жағдайын сұрап, оқу-жаттығу процесіне қызығушылық танытып, алдағы матчтарда сәттілік тіледі.