Жаңалықтар

Сенсация: бір күнде екі жүлде қоржынымызға түсті

Бір алтын, бір күміс, бір қола қоржынымызда

Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында ерлер арасында ядро лақтырудан F36 санаты бойынша финалдық кезеңде Дастан Мұқашбеков сынға түсті, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Ақтық кезеңде жалпы саны 7 спортшы өзара мықтыны анықтады. Дастан Мұқашбеков 16 метр көрсеткішті тіркеп, Азия рекордын жаңартты. Осылайша қазақстандық спортшы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Бұған дейін пара оқ атудан Еркін Ғаббасов ел қоржынына 1 күміс жүлдені салса, пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев алтын жеңіп алды.