Ерлер

«130 миллион теңге»: «Тобыл» жаңа ойыншысын таныстырды

«Тобыл» еурокубок алдында грузиялық футболшымен келісімшарт жасасты

«Тобыл» футбол клубы грузиялық жартылай қорғаушы Цотне Мосиашвилимен келісімшарт жасасты. Бұл туралы Dopmedia.kz қостанайлық клубтың Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Цотне Мосиашвили 1995 жылы 14 ақпанда Тбилисиде дүниеге келген, жергілікті «Гагра» клубының түлегі. Бұған дейін Мосиашвили бірқатар грузиялық командаларда доп тепкен. 2023 жылы «Динамо» Батуми сапында ел чемпионы атанды.

Жартылай қорғаушы маусым басында Қазақстан чемпионатына ауысты. Цотне «Жетісуға» келіп, барлық турнирде 13 матч өткізді.

Transfermarkt порталының мәліметі бойынша футболшының нарықтық құнын 250 мың еуроға (шамамен 130 миллион теңге) бағалайды.