Қаракөз қызымыз екінші алтынды қоржынымызға салды
Дзюдошымыз финалда барын салды
Франция астанасы Париже өтіп жатқан жазғы Паралимпиадада дзюдошы Ақмарал Науатбек чемпион атанды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде J2 санатында Ақмарал Науатбек финалдық кезеңде сынға түсті. Қазақстагдық дзюдошы ақтық кезеңде тәжірибелі франциялық спортшы Сандрин Мартинетпен кездесті. Ақмарал Науатбек франциялық қарсыласын 10:0 есебімен айқын жеңді.