Ерлер

Өзбектер мен қырғыздар әлем чемпионатына жақын қалды

Олар әлем чемпионатына өнер көрсетуі мүмкін

Иран құрамасының футболшылары 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің үшінші раунды аясында Қырғызстан құрамасын жеңді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

А тобының бірінші тур ойындары Исфахан қаласында өтті, онда алаң иелері қарсыластарын 1:0 есебімен ұтты. Жеңіс голын 34-минутта Мехди Тареми соқты.

Бұл топта Ираннан бөлек, БАӘ, Өзбекстан, Солтүстік Корея және Катар командалары өнер көрсетуде. Бірінші турда Өзбекстан өз алаңында Солтүстік Кореяны 1:0 есебімен жеңсе, Катар үйде БАӘ құрамасына 1:3 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, әр топтың алғашқы екі құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады. Ал үшінші және төртінші орын алған командалар келесі іріктеу раундында бақ сынайды.