Футбол

"Табытта жатқан адамды тексерді": Норвегия мамандары шу шығарды

Қазақстан – Норвегия матч қарсаңында дау туындады

Допинг-офицерлер Норвегия құрамасының бақилық болған футболшыларын таба алмай дал болған, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Норвегияның антидопингтік агенттігі бірер күн бұрын құрама жаттығатын лагерьге аяқ басқан. Олар тізімге еңген футболшылардың тыйым салынған дәрілерді қабылдағандығына тексеріс жасады. Қызықтың көкесі Йорген Юве мен Эйнар Гундерсонға келгенде басталды. ХХ ғасырдың 60-80-жылдарында бақилық болған футболшыларды допингке тексеруге келгенде офицерлер тығырыққа тірелгендігіне көз жеткізді.

Айта кетейік, Юве Новергия сапында 33 гол соққан, ал Гундерсон болса, 26 голмен үздік сұрмергендер қатарында.