Көшпенділер ойындары: қауіпсіздікке жауапты сарбаз комаға түсті
Желі қолданушысының айтуынша, оның жағдайын ешкім елемеген
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қауіпсіздігін күшейтуге келген сарбаз комаға түсті, деп Dopmedia.kz тілшісі Massaget.kz сайтына слітеме жасап хабарлайды.
Аталған ақпаратты алғаш болып Facebook желісінде Алма Сайлауқызы есімді қолданушы жазды.
Massaget.kz сайтының мәліметінше, аталған ақпаратты қалалық Полиция департаменті растады.
Айта кетейік, 8-13 қыркүйек күндері Астанада Дүниежүзілік Көшпенділер ойыны өтеді. Алдын ала болжам бойынша, ойынға 2430 қатысушы, 100 мыңға жуық турист келеді.