Жаңалықтар

"Ипотекасын жауып берді": министр Паралимпиада жүлдегерін марапаттады

Еркін Ғаббасов сый-құрметке бөленді

Цифрлық даму министрлігінің ұжымы Париждегі жазғы Паралимпиадасының күміс жүлдегері Еркін Ғаббасовты құттықтады, деп Dopmedia.kz тілшісі министрліктің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Паралимпиада жүлдегері Еркін Ғаббасовты құттықтап, "Үздік цифрландырушы" төс белгісімен марапаттады. Сондай-ақ cпортшының ипотекалық қарыздарын жабу мақсатында оған министрлік атынан 7 миллион теңгелік сертификат табыс етілді.